«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Стас Покатилов клубпен келісімшартты ұзартты
Қайрат

Стас Покатилов клубпен келісімшартты ұзартты

25 ноября 2019
/ 12:00

«Қайрат» ФК базасында голкипер Стас Покатиловпен жаңа келісімшартқа қол қойылды. Келісім үш маусымға есептелген.

Қазақстанның үздік голкиперлерінің бірі 2016 жылдың жазында «Қайраттың» құрамына қосылды. 2017 жылы Стас 3+2 сызбасы бойынша келісімшартқа қол қойды. 2016 жылдан бастап голкипер «сары-қаралардың» құрамында 98 матч өткізді.

Аяқталған Қазақстан чемпионатында Стас 31 матчта ойнады. 13 ойында кипер өз қақпасын құрғақ сақтап қалды.

Енді біздің негізгі қақпашы клубпен үш маусымға есептелген жаңа келісімге қол қойды. Біз Стасты құттықтаймыз және де оған командамен бірге жаңа үлкен жеңістер тілейміз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»