Покатилов ел біріншілігінің ауыстырылған 21-ші туры аясында «Оқжетпеске» қарсы матчында өзінің жүзінші ойынын өткізді.
«Қайраттың» бірінші нөмірі 2016 жылы жалға алу құқығында клубқа қосылды. Алайда көп ұзамай клубпен ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойды. Содан бері Покатилов алматылықтардың негізгі голкипері болды. Бүгін біздің қақпамыздың қорғаушысы клуб үшін жүзінші матчын өткізді. Ойын 5:0 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды.
«Сары-қаралар» отбасы Стасты мерейтойлы ойынмен құттықтайды және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!