«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Стас Покатилов: «Қарсылас айып алаңында тас-қамал бекініп алды»
Қайрат

Стас Покатилов: «Қарсылас айып алаңында тас-қамал бекініп алды»

24 июня 2019
/ 00:00

«Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов «Орталық» стадиондағы матчынан алған әсерлерімен бөлісті.

- Біз бүгін екі ұпай жоғалттық ма?

- Әрине. Біз жеңуіміз керек. Кез келген матчта, егер біз жеңе алмасақ, онда екі ұпай жоғалтамыз. Бұл жолы қарсылас команда өз айып алаңында тас-қамал бекініп алды. Мұндай қорғанысты бұзып-жару қиын. Бұл футбол. Біз гол соққан жоқпыз, бізге гол соққан жоқ – тең нәтиже таблода.

- Бірінші таймның соңында доп қақпаның сызығын кесіп өтуге сәл қалды. Қатты қорыққан шығарсыз?

- Оол кезде менің назарым допта ғана болды. Салқынқандылық танытуға тырыстым. Секірген допты, алаңға шығарып жібердім, одан кейін тағы бір соққы қайтаруға дайын едім. Дегенмен, қорғаушыларым қарсыласқа соққы жасайтын мүмкіндік бермеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»