«Қайрат» әйелдер командасының оқу-жаттығу жиыны бүгін, 13 қаңтарда басталып, 25 қаңтарға дейін жалғасады.
Жиын команда орналасқан Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда өтуде.
Маусымға дайындық аясында команда жаңа жаттықтырушылар штабының басшылығымен тактика мен физикалық форма бойынша белсенді жұмысын бастайды.
Жаттықтырушылар құрамы мен персонал:
Мария Ялова – бас жаттықтырушы;
Вячеслав Соболев – бас жаттықтырушының көмекшісі;
Алина Овчинникова – қақпашылар жаттықтырушысы;
Сергей Кондаков – физикалық дайындық жаттықтырушысы;
Майя Кулубекова – дәрігер;
Лилия Каримова – массажист;
Владислав Бутырин – әкімші;
Илья Блинов – бейнесарапшы;
Сюзанна Корнецова – спорт директоры;
Еске салайық, «Қайраттың» әйелдер командасы осы жылы құрылып, негізінен өз тәрбиеленушілерінен жасақталған. Команда алғашқы қадамынан-ақ үлкен амбицияларын көрсетуде.