Қапталдағы қорғаушы Станислав Лунин алматылық «Қайрат» сапынан кетті. Клубтың ресми сайтына берегн сұқбатында Станислав «сары-қаралар» сапында бес маусымды қалай өткізгенін айтып, клуб жанкүйерлерімен қоштасты. Ойыншы павлодарлық «Ертіске» ауысты.
«Ең алдымен, басшылыққа, командадағы жігіттерге алғыс айтқым келеді және мансаптарында өсім болғанын қалаймын, ал клубқа сәттілік тілеймін. Бізге әрқашан қолдау көрсеткен «Қайраттың» шын жанкүйерлеріне үлкен алғыс айтамын, оңай әрі қиын минуттарда қолдауларыңызды тоқтатпаңыздар, әрдайым командамен бір отбасыдай болыңыздар, сол кезде табыс та көп күттірмейді. Жүрегімнің бір бөлігі Алматыда мәңгіге қалады, ол клубқа тиесілі болады», - деді Станислав.
Алматылық «Қайрат» сапында Станислав 5 маусым өткізіп, 91 матчқа қатысты, 3 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. «Қайрат» футбол клубының ұжымы Станиславқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабында сәттілік тілейді!