24 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Сейдахмет келісімшартының аяқталуына байланысты «Қайраттан» кетті.
Еркебұлан сары-қаралар сапына 2019 жылғы жазда қосылған болатын. «Қайратта» бес маусымда ол 107 матч өткізіп, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Сейдахмет Қазақстан чемпионы әрі ел Кубогының иегері атанды.
«Қайрат» футбол клубы Еркебұланға көп жыл бойы жан-тәнімен ойнағанына алғыс айтады! Болашақ мансабыңда сәттілік тілейміз!