«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Соңғы минуттардағы жеңіс
Қайрат

Соңғы минуттардағы жеңіс

31 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» өте тартысты матчта «Ақтөбеден» жеңісті жұлып әкетті.

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 3:2

Голдар: Исламхан, 4, Иличевич, 77, Уго, 87 – Пиззелли, 15, 30

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (46, Жуков), Шелдон Бато, Станислав Лунин, Бауыржан Исламхан (К), Акош Элек, Хуан Фелипе (65, Уго), Андрей Аршавин, Чума Анене (41, Иличевич), Исаэль Барбоза

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Магомед Парагульгов, Вячеслав Швырев

«Ақтөбе»: Рамиль Нурмухаметов (Қ), Руслан Валиуллин, Бағдат Қайыров, Маркос Пиззелли, Саша Марьянович, Хрвое Миличевич, Александр Симчевич (К), Рейналдо Силва (73, Морис), Милан Радин (83, Фабрисио), Жамбыл Көкеев (66, Юрин), Виталий Волков

Қосалқы құрам: Игорь Трофимец (Қ), Абат Айымбетов, Асланбек Кәкімов, Саят Жұмағали, Ұлан Қонысбаев, Дидар Жалмұқан

«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдаған. Ақтөебліктерге қарсы тартысты матчта «Орталық» стадионда жанкүйерлер саны көп болды, ал ойында екі тарапта әдемі футбол көрсете білді.

Кездесу есебі жылдам ашылды: команда капитаны Бауыржан Исламхан әуедегі допты қақпаға туралап, дәл соққы жасады – 1:0. «Ақтөбе» қорғаныста ойнамай, есепті тез теңестіріп тастады. 15-минутта Маркос Пиззелли айып соққысын дәл орындады.

Араға 15 минут салып, Маркос Пиззелли жерлете соққы жасап, өз командасын алға шығарды – 1:2. Артынша командалар сақ ойнап, әр қатенің қорытынды есепке әсер ететінін анық түсінді. Матчтың бірінші жартысын командалар осы есеппен аяқтады.

Ал екінші қызық бес минуттық ойыншы алмасуымен басталды – Нұралы Әліптің орнына Георгий Жуков шықты. Бір қорғаушыны алып тастаған «Қайрат» алға ұмтылды. «Ақтөбе» қақпасына жасалған көптеген соққылар қақпаға енбей жатты, алаң иелері қақпаны торуылдауын жалғастыра берді.

77-минутта ақтөбеліктердің қорғанысы сыр берді: Иво Иличевич қонақтардың айып алаңындағы қарбалас сәтте дәл соққы жасады – 2:2. Ал матч соңында Уго Сильвейра баспен соққы бағыттап, өз командасына жеңіс сыйлады!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»