«Қайрат» Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі сапарын аяқтады.
«Қайрат» - «Сигма» - 1:2
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Станислав Лунин (Соколенко, 57), Сергей Политевич, Акош Элек, Нұралы Әліп (Эппель, 34) - Исламбек Қуат, Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) - Андрей Аршавин (Жуков, 74), Исаэль Барбоза, Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Шелдон Бато, Сергей Кейлер - Георгий Жуков, Иво Иличевич.
«Сигма»: Милош Бухта (Қ) - Мартин Сладки, Ян Штерба, Вацлав Емелка, Шимон Фалта - Лукаш Калвач, Якуб Плшек (Иунис, 80), Давид Гоуска (К), Мартин Гала, Томаш Заградничек (67, Манзиа) - Мартин Нешпор (Текст, 63).
Резерв: Михал Рейхл (Қ) - Михал Сурзын, Роман Полом - Павел Дворжак.
Командалар Алматыда ауыр матч өткізді. «Орталықтың» трибунасындағы ғажайып қолдауға қарамастан, алматылық команда үшін матч оңай болған жоқ.
Қарылас қақпасына алғашқы шабуылды алаң иелері жасады. Бауыржан Исламхан өзіне тән ойын бойынша алыстан соққы бағыттаған – қонақтардың қақпашысы орнынан табылды.
19-минутта өз айып алаңындағы қарбаластан соң «Қайрат» гол жіберіп алды да, жағдайын қиындатты. Таймның соңына дейін «сары-қаралар» «Сигма» қақпасынан саңлау табуға тырысты, бірақ қарсылас сыр бермеді.
Екінші тайм ашық өтті. 51-минутта Гоуска өз командасының басымдығын ұлғайтты. Бірнеше минуттан соң Мартон Эппель Исламбек Қуаттың пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты.
Артынша ойында «Қайрат» чехтардың қақпасына шабуылды шабуылға ұластыра берді. Кездесудің 75-минутында Хуан Фелипе матчтағы екінші сары қағазын алып, ойынды ерте аяқтады.
Он ойыншымен қалған алаң иелеріне шабуылдау қиындау болып, алматылықтар «Сигмаға» қарсы ойынмен еурокубоктағы сапарын аяқтады.