«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сигма»: жақынырақ танысайық
Қайрат

«Сигма»: жақынырақ танысайық

03 августа 2018
/ 00:00

«Қайраттың» ресми сайты сіздерді алматылық команданың еурокубоктағы кезекті қарсыласымен таныстырады.

Келесі бейсенбіде «сары-қаралар» УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында чехиялық «Сигма» клубымен кездеседі. Қазақстандық жанкүйерлердің көбі бұл клуб туралы алғаш рет естіп отыр, «Қайраттың» баспасөз-қызметі бұл еуропалық клуб туралы толығырақ айтып бермек.

«Сигма» - Чехиядағы ең ескі клубтардың бірі, Оломоуц қаласының атынан шығады. Шағын қалашық елдің шығысында Моравия провинциясында орналасқан. Команда Чехия  жоғары чемпионатына 2017 жылы ғана оралған болатын. 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізіп, команда төртінші орын алды да, Еуропа лигасына өтті.

Осы маусымда команда екі ойын ғана өткізді, қазір 9-шы орында келе жатыр: команда бір рет жеңіп, бір мәрте жеңілді. Команданың бас бапкері Вацлац Ийлек, 42 жастағы маман. Чехиялық маман үшін «Сигма» бапкерлік қызметтегі алғашқы үлкен клуб, бұған дейін ол Чехия жастар құрамасы мен прагалық «Спартада» көмекші қызметін атқарған еді. Осы маманмен бірге команда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, енді еурокубокта біздің клубымызға қарсы тұрады.

«Сигма» ойыншыларының ортақ трансферлік бағасы – 9,45 миллион еуро («Қайрат» - 17,5 миллион еуро). Қарсыласымыз сапындағы ең қымбат ойыншы жас жартылай қорғаушы Якуб Плшек – 1,30 миллион еуро (ал бізде Исаэль – 2,0 миллион).

Ел чемпионатындағы ең үздік нәтижесі 1995/1996 жылғы маусымдағы күміс медаль саналады. Чехия кубогы мен Суперкубогының иегері. Соңғы рет клуб еурокубоктарда, шамамен, 10 жыл бұрын өнер көрсеткен: сол кезде 2009/2010 жылғы маусымда чехтар Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне жетіп, англиялық «Эвертонға» 1:5 есебімен жол берді. Еуропалық аренадағы ең үздік нәтижесі деп УЕФА Кубогының 1/4 финалына жеткенін айтуға болады, 1991/1992 маусымда ширек финалда команда мадридтік «Реалдан» ұтылып қалған еді.

Клуб көк түске боялған, 1966 жылдан бері бас демеушісі – «Сигма» көлік құрылысы концернінің атауын алған. Команда өз алаңындағы матчтарын 12 464 адам сыятын Андурув стадионында өткізеді.

Алматылық «Қайрат» пен чехиялық клуб арасындағы текетірес келесі бейсенбі, 9 тамызда, Оломоуц қаласында 23:00-де өтеді. Қарымта ойын Алматыда 16 тамызда Орталық стадионда болады. Шоу-бағдарламаның басталуы – 19:00-де. 
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»