«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сигма» мен «Қайрат» қайда ойнайды
Қайрат

«Сигма» мен «Қайрат» қайда ойнайды

08 августа 2018
/ 00:00

«Қайраттың» ресми сайты жанкүйерлерді УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Сигма» мен «Қайрат» ойнайтын стадионмен жақынырақ таныстырады.

«Андрув» - алматылық «Қайраттың» Еуропа лигасы кезекті іріктеу кезеңіндегі қарсыласының өз алаңындағы стадионы. Чехиялық «Сигма» өз матчтарын Оломоуц қаласындағы 12 мыңдық аренада өткізеді. Ол Чехиядағы ең заманауи стадиондардың қатарына кіреді. Еурокубок матчтары мен ұлттық құрамалар ойындарын өткізу үшін УЕФА талаптарына сай.

Стадион 1940 жылы ашылған, оломоуцтік кәсіпкер Йосеф Андердің құрметіне қойылды. Ол футбол жанкүйері болған. Стадион ашылар кезде оған 20 000 көрермен сыятын еді, бірақ кейін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оны неміс әскері бұзып тастайды. Артынша, «Андрув» заманауи қалыпқа еніп, бүгінде оған 12 464 адам сыяды.

Фото: «Сигма» ФК

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»