«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Шыңғыс ТЕМІРХАНОВ: «Қайрат» Қазақстанда алғаш болып Blind Football командасын қамқорлыққа алды»
Клуб жаңалықтары

Шыңғыс ТЕМІРХАНОВ: «Қайрат» Қазақстанда алғаш болып Blind Football командасын қамқорлыққа алды»

27 января 2019
/ 00:00

Әлемдік футбол қауымдастығына ақырындап еніп келе жатқан Blind Football ішінара немесе толықтай көру қабілетсіздігінен зардап шеккен адамдарға арналған турнир нұсқасы ретінде анықталады. Жақында Blind Football-дан сайыстар Жазғы Паралимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енді. «Қайрат» кәсіби футбол клубы халықаралық әлеуметтік жобаны Қазақстанда бірінші болып бейімдеуге кірісті. Мұндай бағдарлама еліміздің басқа клубтарында, тіпті, Орта Азиядағы көршілерімізде де жоқ.

- Расымен де, бүгінгі таңда «Қайрат» географиялық аймақта да, Қазақстандағы футбол клубтары ішінен де футбол ойнағысы келетін, бірақ көздері дұрыс көрмейтін не мүлдем көрмейтін адамдарға осындай мүмкіндік сыйлаған әзірше жалғыз клуб болып тұр, - дейді «Қайрат» Blind Football-дың аға бапкері әрі үйлестірушісі Шыңғыс Темірханов. – Сонымен қатар, біз ТМД бойынша нақты бір кәсіби футбол клубының құрамына енетін алғашқы клубпыз. Оқу-жаттығу процесіне келер болсақ, жобамен жұмыс басталғаны бес ай бойы жаттығу жасап келеміз. Айта кетерлігі, Халықаралық Соқырлар Спорты Федерациясының (IBSA) білім гранты аясында бізге Еуропадан шебер мамандар келді. IBSA-ның Blind Football-дан департаментінің төрағасы Ульрих Пфистерер пен IBSA-ның Blind Football-ды дамыту бойынша бағдарламасының Еуропадағы жетекшісі Дэвид Стиртон бапкерлер, гидтер пен психологтарға арналған «Қайрат» ФК штаб-пәтерінде өткен семинарда өз білімдерімен бөлісті. Шетелдік сарапшылар біздің дамып келе жатқанымызды және біздің құрамымызда болашақта халықаралық жоғары деңгейде ойнауға қабілетті ойыншылар бар екенін айтты. Біздің командамыздың құрамы ниет білдірген кандидаттар селекциялық іріктеуден өткеннен кейін құралды. Өкінішке қарай, оған бәрі төзе бермеді. Мұнда футболдың түйіспелі спорт түрі екенін түсіну керек. Әрине, бұл біздің нұсқада да белгілі бір атлетизмнің болуын талап етеді. Қазір он адам жаттығу жасап жүр. Бесеуінің көзі толықтай көрмейді. Бұл, халықаралық критерийлерге сәйкес, «B-1» қатарындағы ойыншылар болып саналады. Ал көру қабілеті нашар адамдар «B-2» және «B-3» қатарларына бөлінеді.

- Blind Football ойынындағы ережелердің қандай ерекшеліктері бар?

- Айта кету керек, футболдың бізге тән түрінде арнайы доп пайдаланылады. Ол ауырлау және аз айналады, себебі Blind Football-дағы ойыншыларға пасты айналдыра беру қиын. Сонымен қатар, мұндай доп зуммермен жабдықталған, өйткені ойын барысында ойыншылар негізінен есту қабілеті бойынша жұмыс істейді. Жаттығу барысында доппен тікелей жұмыс істеуден басқа, біз вестибулярлық аппаратты күшейтуге тырысамыз.Оның дамуының жоғары деңгейі спорттық әлеуетпен қатар, біздің жігіттерге турнирде жақсы нәтижеге қол жеткізудің негізі болып табылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің команданың атынан, басқа бөлімдердегі клубтастарымызға және «Қайраттың» басшылығына Қазақстанда Blind Football жобасын бейімдеу процесінде белсенді практикалық қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді.Командамыздың жаттығулары «Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Жасөспірімлер Академиясының спорт нысандарында өтеді. Біз қолайлы және қажетті материалдармен жабдықталған залдарда жаттығамыз. Бізде ауқымды оқу-жаттығу бағдарламасы бар. Айта кету керек, аталған академияның қақпашылар бапкері Анатолий Антипин біздің ойыншыларымызбен үлкен көлемде жұмыс істеді. Енді біздің команданың қақпашылары арнайы тақырыптық бағдарлама бойынша өз дағдыларын жетілдіреді. Ауада жаттығу істеу үшін көктемді күтіп жүрміз. Қазір физикалық дайындықты арттырып жатырмыз. Фитнеске көп уақытымыз кетеді. Бізде оқу-жаттығу жиындары басталатын кез де алыс емес, сол кезде күніне екі рет практикалық оқу болады. Оның ішінде техникалық жарақтану, күш-қуатты дайындықты күшейту, тактикалық әлеуеттің өсуін мақсатты түрде дамыту бар. Матчтарға келер болсақ, Blind Football-да қабылданған ережелерге сай олар әрқайсысы 20 минутқа созылатын екі таймнан тұрады. Көбіне шағын алаңдарда 5 х 5 форматында ойнаймыз. Ойын былай өтеді. Қақпаның артынша қарсылас тараптардың гидтері тұрады, орта шепке жақын футболшыларға бапкерлер көмектеседі, ал айып алаңдарында ойыншыларды қақпашылар дәлдеп отырады. Әрине, голкиперлердің көздері көруі тиіс.

- Белгілі болғандай, сізде бұрынғы жұмыстарыңызда осындай ерекше алаңдарда жұмыс істеу тәжірибесі бар...

- Былай алып қарағанда, «Қайрат» Blind Football-мен жұмыс мен үшін кәсіби сынақ болғалы тұр. Бірақ, рас, бұрын мен біршама уақыт бойы ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінде жұмыс істегенмін. Яғни, мүмкіндігі шектеулі спортшылармен жұмыс істеу бойынша аз ғана тәжірибем бар. «Қайрат» Blind Football-дағы ойыншыларға келер болсақ, кей жігіттер бұрын да машықтанған. Ойыншыларымыздың бір бөлігі голболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында  өнер көрсеткен. Бұл ойынның ережесі бойынша, үш адамнан құралған команда дыбыс сигналы қондырылған қақпаға гол соғуы тиіс. Делегациямыздың «Қайратта» Blind Football-ды дамыту бойынша баяндамасы жақсы пікірге ие болды деп мақатана аламыз. Біз жасаған таныстырылым жақында Барселонада өткен, мұнда IBSA конгресі өткен еді, бұл ұйымның басшылары алматылықтардан үлгі алу керек екенін  айтты. «Қайраттың» осындай әлеуметтік жобаны сәтті іске асыруы конгресстің көптеген делегаттарына футбол клубтары осындай жобаларда қаншалықты жемісті бола алатынын көрсетіп берді. Бүгінгі таңда «Қайрат» әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша алдыңғы қатарларда келеді. 


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»