Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады.
Бұл тізімге «Қайраттың» үш ойыншысы – шабуылшылар Артур Шушеначев пен Вячеслав Швырев, сондай-ақ қақпашы Данил Устименко кірді.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 8-13 маусым аралығында Алматыда өтеді.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында біздің команда маусым айында сырт алаңда екі ойын өткізеді.
Маусымның 16-нан 17-не қараған түні Италияда Сан-Мариноға қарсы ойнайды. Кездесу 00:45-те басталады. Ал 19 маусымнан 20 маусымға қараған түні дәл осы уақытта Солтүстік Ирландиямен кездеседі.