«Қайрат» ойыншылары Артур Шушеначев пен Данил Устименко 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің басталуы қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамына енді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына Кирилл Кекердің көмекшісі Евгений Коструб кіреді.
Оқу-жаттығу жиыны 16 наурызда Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.
Наурызда Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында екі матч өткізеді: 23-і Словенияны қабылдайды (ойынның басталуы – 21:00-де), ал 26-сы Дания құрамасымен ойнайды (басталуы-19:00-де).