Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы InStat аналитикалық компаниясының статистикалық есебі негізінде Бірінші лига клубтарының арасындағы ел біріншілігінің «қақпаға соққы» көрсеткішінде ТОП-5 ойыншыларын құрды.
«Қайрат-Жастар» шабуылшысы Артур Шушеначев аталмыш рейтингтің көшін бастады: сары-қаралардың ойыншысы 72 соққы жасап, оның 38-і қақпаға болды. Осы маусымда Шушеначев 13 гол соқты, оның 12-сі жастар командасы үшін және бір рет клубтың негізгі командасы үшін.
Соққы бойынша Бірінші лиганың 2019 ТОП-5 ойыншылары:
1. Артур Шушеначев, «Қайрат-Жастар» - 72 соққы, 38 қақпаға;
2. Рамазан Кәрімов, «Астана М» - 69 соққы, 28 қақпаға;
3. Айдос Таттыбаев, «Каспий» - 64 соққы, 34 қақпаға;
4. Максим Драченко, «Қызыл-Жар СК» - 63 соққы, 27 қақпаға;
5. «Оңтүстік Академиясы» - 63 соққы, 19 қақпаға.