«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Шелдон Бато: «Жеңістерімізді жалғастыра беруіміз керек»
Қайрат

Шелдон Бато: «Жеңістерімізді жалғастыра беруіміз керек»

29 апреля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» орталық қорғаушысы Шелдон Бато «Ертіспен» матч жайында ойын айтты. Алматылық команда сырт алаңда жеңіске жеткен болатын.

- Бұл екі команда үшін де қызық ойын болды. Бірінші таймда біз допты бақылауда ұстап, шешуші соққыны табу үшін бар күшімізді салдық. Екінші таймда біз қорғаныста көбірек ойнадық, бірақ қорытынды нәтиже біздің пайдамызда.

Ойынның ауыр болатынын білдік, соңғы матчтарда «Ертіс» жеңіске жете алмай жүрген еді, сондықтан жеңіс үшін және үш ұпай үшін күресу керек екенін түсіндік. Нәтижесінде, жігіттер мінез танытты. Енді команда өзін сенімдірек сезінеді, біздің көңіл-күйіміз жақсы және өзімізді тұтас ұжым ретінде сезінеміз. Бірақ шешім шығаруға әлі ерте, бізге жеңіске жетуді жалғастыра беру қажет. Негізгі мақсат – осы. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»