Алматылық «Қайраттың» орталық қорғаушысы Шелдон Бато «Ордабасыға» қарсы матч жайында.
- Соңғы матчта жақсы ойнадық деп ойлаймын, «Ордабасы» - футбол ойнағанды жақсы көретін команда және соны көрсетіп жүр. Бірінші таймда бізде алма кезектжақсы шабуылдар болды. Ауыр болатынын білдік, себебі екі команда да алдыңғы қатарда келе жатыр.
- Орталық қорғаныста сен Нұралы Әліппен бірге ойнадың. Жас футболшымен ойнай қолайлы ма?
- Мен ойын стиліне келгенде әмбебаппын. Нұралы Әліптің мүмкіндігі жоғары, оған өз тәжірибеммен қуана бөлісемін.
- Шелдон, «Қайрат» өз алаңында 39 матч бойы жеңілмей келе жатыр. Бұл команданы жігерлендіре ме?
- Әрине! Әлемде көп командада мұндай серия бола бермейді. Біз оны ұзақ уақыт бойы сақтауды жоспарлап отырмыз.