«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Шахтермен» тең тарқастық
Қайрат

«Шахтермен» тең тарқастық

05 августа 2018
/ 00:00

Қарағандыда тең нәтиже тіркелді.

«Шахтер» - «Қайрат» - 1:1

ГолдарВух, 54 - Аршавин, 90+4 (пен)

«Шахтер»: Абылайхан Дүйсен (Қ) - Михаил Габышев (К) (83, Мангуткин), Евгений Ткачук, Антон Чичулин, Матео Мужек - Александр Володько (62, Пикалкин), Марат Шахметов, Дамир Кояшевич, Эгон Вух, Лукаш Дроппа - Оралхан Өміртаев (62, Арутюнян). 

Резерв: Егор Цуприков (Қ) - Кирилл Пасичник - Сергей Мошников, Геворг Наджарян, Игорь Юрин - Сергей Шафф. 

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Станислав Лунин, Айбол Әбікен (77, Соколенко), Акош Элек, Ғафуржан Сүйімбаев - Хуан Фелипе, Георгий Жуков, Исламбек Қуат (К) - Иво Иличевич (58, Эсеола), Исаэль Барбоза (67, Аршавин), Мартон Эппель.

Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Шелдон Бато, Сергей Кейлер - Максим Котов, Рамазан Оразов, Андрей Аршавин.

Қарағандыдағы матчтың бірінші жартысы голсыз өтті. «Сары-қаралар» «кеншілер» қақпасына бірнеше рет соққы бағыттаған, бірақ гол соға алмады. Көрермендер Исаэльдің орындауында екі жақсы соққыны көрген, бірақ екі сәтте де «Шахтердің» қақпашысы Абылайхан Дүйсен өз командасын құтқарып қалды.

Алаң иелері екінші таймды қонақтарға қарағанда сәттірек бастады. Кездесудің 54-минутында Эгон Вух ортаға ығысып, алыстан Покатилов қақпасын нысанаға алған болатын – 1:0.

Гол жіберіп алған соң «қайраттықтар» бар күшімен алға ұмтылды. Қауіпті сәттердің бірінде Аршавиннің пасы «Шахтердің» қорғанысынан өтіп, Ғафуржан Сүйімбаевқа жеткен, соңғысы айып алаңына қарай пас асырғанымен, допқа бірінші болып алаң иелерінің қақпашысы жетті.

Матчтың соңына таман «Шахтер» ойыншысы өз айып алаңында қолмен ойнап, Андрей Аршавин пенальтиден гол соқты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»