Ертең, 26 мамырда, сағат 18.00-де «Астана Аренада» «Шахтер» мен «Қайрат» Қазақстан чемпионаты аясында алпысыншы ойынын өткізеді.
«Сары-қаралар» Қазақстан чемпионаты аясында алғаш боп қарағандылықтармен 1992 жылы кездесті. Сырт алаңда өткен матчта алматылықтар 3:1 есебімен алаң иелерін жеңген болатын. 27 жылда чемпионат аясында екі команда 59 ойын өткізді. 27 рет «Қайрат,19 рет қарағандылықтар жеңіс тойын тойлады, 13 ойында тең тарқады. 59 матчта барлығы 156 гол соғылды. 94:62 көрсеткішке ие есеи айырмасы «Қайраттың» пайдасына шешілді.
Ең ірі жеңіске алматылық клуб 2014 жылы жетті. 29 тамызда «Орталықта» «Қайрат» «Шахтерді» 6:1есебімен жеңді. Екі рет сырт алаңда алматылықтар қарсыластарын 5:0 есебімен ұтты. 2015 жылдың шілдесінде және 2016 жылдың маусымында. Аталған соңғы екі матчта да Бауыржан Исламхан дубль авторы атанды.