Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың 30-турын қорытындылап, символикалық құраманы жариялады.
Instat сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша ең пайдалы ойыншылар тізіміне «Қайраттың» үш ойыншысы енді: Бауыржан Исламхан, Ғафуржан Сүйімбаев пен Елдос Ахметов.
Сол қапталдағы қорғаушы: Ғафуржан Сүйімбаев, «Қайрат»
«Тобылмен» тең түскен матчта Сүйімбаев қорғаныста жақсы қызмет атқарып шықты. Ол допты 6 рет қарсылас пасына бірінші жеткен, 4 рет тартып алған, екі рет алдап өткен, ал пастарының дәлдігі – 85%. Әрекеттер индексі – 237.
Орталық қорғаушы: Елдос Ахметов, «Қайрат»
Ахметов секілді қапталда, қажеті кезінде қорғаныстың ортасында да ойнай алатын футболшылар алтынмен тең. Допқа таласта 82% сәтті ойнаған, әуедегі допқа 6 рет бірінші жетті, 12 мәрте қарсылас пасын алып кеткен, үш рет допты тартып алды – Елдос өз айып алаңында арыстандай шайқасты. Әрекеттер индексі – 253.
Сол қапталдағы жартылай қорғаушы: Бауыржан Исламхан, «Қайрат»
«Қайраттың» капитаны «Тобылға» қарсы матчта үлкен жігермен және энергиямен ойнады. Қарсыластың айып алаңында қауіп төндірген Исламхан алаңда жиі көзге түсті. Қақпаға дәл 2 соққы жасады, қонақтарыдң айып алаңына бес рет қауіпті пас шығарды, қарсыласты 7 мәрте сәтті алдады, оған қарсы үш рет ойын тәртібі бұзылған, ал пастарының дәлдігі 79%-ды құрайды – оның өнімділігі осындай. Әрекеттер индексі – 237.