Премьер-лиганың соңғы турының матчы 2024 жылғы 10 қарашада Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтті. Ойын тартысты болды. Екі команда да алаңның әр жерінде жоғары деңгейде бәсекелестік танытты. Жалғыз әрі шешуші гол 59-минутта соғылды. Гиорги Зариа пенальтиді сенімді түрде орындады. Бұл дәл соққы «Қайратқа» алтынға теңеліп, үш ұпай мен алтын медальға жеткізді.
«Қайрат» үшін бұл титул тарихтағы төртінші әрі соңғы төрт жылдағы екінші чемпиондық болды. 2020 жылы «Қайрат» 16 жылдық үзілістен кейін шыңға қайта оралғанын есіңізге саламыз. Енді міне, тағы төрт жылдан кейін клуб Қазақстандағы үздіктердің қатарында екенін тағы да дәлелдеді.
Бұндай жетістікке сіздерсіз жете алмас едік, құрметті жанкүйерлер! Сіздердің эмоцияларыңыз, сеніміңіз бен адалдығыңыз – клубты жаңа жетістіктерге шабыттандыратын қозғаушы күш. Бұл титул сіздерге арналады!
Бізді халықаралық аренада жаңа қиындықтар күтіп тұр. «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды. Біз команданың Еуропа аренасында өз деңгейін көрсетуге дайын екеніне сенімдіміз.
Баршаңызға осы тарихи жетістік құтты болсын дейміз! Алға, «Қайрат»!