Бірінші лиганың 14-турының он бір үздік ойыншылар құрамына «Қайрат-Жастар» командасының үш ойыншысы кірді.
Данил Устименко өткен демалыстың үздік қақпашысы атанды.
««Қызыл-Жар СК» командасына қарсы жекпе-жекте Устименкоға қақпасын құрғақ ұстау үшін еңбек төгу қажет болды. 18 жасар «Кайрат-Жастар» командасының қақпашысы 5 мәрте шығуда сәтті ойнап, 4 соққыны қайтарып, оның ішінде екеуі өте қауіпті болды. Индекс әрекеті – 266».
Адам Адахаджиев үздік оң қапталдағы жартылай қорғаушы атанды.
«Адахаджиев екі мәрте «Кызыл-Жар СК» қақпасын алуға қатысып, өзінің қоржынына дәл айып добын қанжылап және де көмекшілік етті. 78% дәл пас, петропаволдықтардың айып алаңына 6 қауіпті доп беру, 4 айналу,13 допты алу, 5 алып қою. Өзінің жеке әрекеттерінің арқасында ойынды ушықтырып отырды. Индекс әрекеті– 267».
Артур Шушеначев турдың үздік шабуылшысы атанды.
««Кызыл-Жар СК» қарсы ойында Шушеначев ерекше белсенді ойнады. Қақпаға бағытталған 5 соққыдан біреуін ғана қақпаға дәл кіргізіп және де екі фол жинады. Индекс әрекеті – 274».