«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Серік Қонақбаев пен Вахид Масудов «Қайрат» ФК Академиясында қонақта болды
Академия жаңалықтары

Серік Қонақбаев пен Вахид Масудов «Қайрат» ФК Академиясында қонақта болды

26 февраля 2020
/ 12:00

Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясының конференц-залында клуб тәрбиеленушілері қазақстандық атақты спортшылармен кездесу өткізді.

Жас футболшыларға Олимпиада ойындарының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Серік Қонақбаев пен аты аңызға айналған «сары-қаралардың» ардагері Вахид Масудов қонаққа келді.

Кездесу қонақтардың спорттық мансабының қалай қалыптасқандығы жайлы баяндайтын және де жеке тәжірибесімен бөліскен шағын презентациямен басталды. Одан кейін Академия тәрбиеленушілері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Құрметті спорт ардагерлері өздерінің өмірлеріндегі маңызды оқиғалар туралы қуана баяндап, маңызды спорттық сәттерін еске алды. Кездесу аяқталған соң, атақты ардагерлер жас ойыншыларға барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тілек білдірді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»