«Ақжайық» командасының бас бапкері Сергей Зайцев «Қайратқа» қарсы матч нәтижесі туралы ойын айтты.
- Ең алдымен, бұл жеңісті біздің ойыншымыз Иван Антиповқа арнаймыз, ол үлкен трагедияға тап болды. Біз бір үлкен отбасы екенімізді білсін. Ойынға келетін болсақ, біз Алматыға ұшып бара жатқан сәтте форс-мажорлық жағдайларға ұшырадық және бұл команда ойынына, физикалық жағдайына әсер етті.
Жалпы алғанда, команда ойынға қойылған нұсқауды орындап, позицияға сәйкес ойнады, біз «Қайраттың» үлкен күшпен шабуылдайтынын, аймақтарды жабатынын білдік, бірінші таймда бұл анық көрінді. Бізде екі-үш жақсы шабуыл болды, біз оларды логикалық түрде аяқтай алдық, бірақ екінші таймда бәрі өз орнына келді. «Қайрат» допқа иелік етті, біз жақсы қорғандық, қарымта шабуылдар ұйымдастырдық. Ойын үшін жігіттерге үлкен рақмет.