Алматылық «Қайраттың» жаттығу базасында негізгі команда қорғаушысы Сергей Политевич пен қазақстандық журналист Сейіл Қожатай кездесті.
Естеріңізге салсақ, Премьер-лиганың 28-турындағы «Қайрат» - «Ақтөбе» матчында алматылықтардың қорғаушысы допқа талас кезінде оның аутқа теуіп жіберген. Ал доп медиа-аймақта отырған журналистің ноутбугына барып тиген.
Артынша Сергей сол журналистерді іздеп табу үшін видеохабарлама жариялап, онымен клуб базасында кездеспек болды. Іздеу уақыты көпке созылмады – бүгін алматылықтардың ойыншысы сынып қалған ноутбуктың иегерімен кездесіп, журналиске «Қайрат» футбол клубының атынан жаңа девайс сыйға тартты.
Сейілдің айтуынша, ол қоңырау соққанда таңқалған және Сергеймен жақын арада кездесемін деп күтпеген. Ал қорғаушының өзі дәл сол жерді көздемегенін, доп абайсызда тигенін айтты.