«Қайраттың» орталық қорғаушысы Сергей Политевич баспасөз-қызметінің сұрақтарына жауап беріп, Талдықорғандағы кездесу жайында пікірін білдірді.
- Иә, әрине, күтпеген жерден ұтылып қалдық, бірақ мен қарсыласты дұрыс бағаламадық немесе ойынға жігерленбедік деп айта алмаймын. Негізінде, ойынды бақылауда ұстадық, допқа иелік еттік, қарсыластың шабуыл жасауына мүмкіндік бермедік. Бірақ, өкінішке қарай, соңғы минуттарда босаңсып қалдық та, қисынсыз гол жіберіп алдық.
- Біз қатарынан екі матч гол соға алмадық. Қалай ойлайсың, мұның себебі неде? Әлде бұл уақытша тоқырау ма?
- Бұл біздің командамызға тән емес, өйткені біз әр матчта міндетті түрде гол соғамыз ғой. Бірақ, өкінішке қарай, осы тұрғыда аздап тоқырау байқалады, біздің команда үшін бұл шамалы түсініксіз нәрсе. Бірақ, менің ойымша, бапкерлік штаб пен команда осыдан сабақ алып, келесі матчта қалай әрекет ету керектігін түсінеміз. Бір емес, бірнеше гол соға аламыз деп үміттенемін.
- Бірнеше күннен кейін Қызылордада «Қайсармен» күш сынасамыз: Талдықорғандағы ойыннан қандай сабақ алып, ойынға қалай жігерлену керек?
- Қазір бүкіл команда келесі ойынның маңыздылығын түсінеді, себебі біз екі ойын жеңіліп қалдық – бұл біз үшін кешірілмейтін нәрсе. Егер чемпиондыққа таласқымыз келсе, ұпай жоғалтпауымыз керек. Сондықтан, келесі матчқа дұрыстап жігерленіп, жанкүйерлерді қуантамыз деп үміттенемін.