«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сергей Павлючук: «Біз «Қайратта» жасалған жағдайларға тек қызғана қарай аламыз».
Академия жаңалықтары

Сергей Павлючук: «Біз «Қайратта» жасалған жағдайларға тек қызғана қарай аламыз».

01 ноября 2019
/ 11:00

Минскілік «Динамо» Академиясының басшысы Сергей Павлючук біздің клубтың Халықаралық балалар турнирінің деңгейін бағалап, жылы қабылдау үшін алғысын білдірді және де «Қайрат» ФК-ның  қамқоршылық кеңесінің төрағасы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

- Турнирді қалай бағалайсыз?

- Керемет турнир. Мұндай матчтарды өткізу – бұл өсіп, дамуға тамаша мүмкіндік. Біз турнирге шақырту алған кезде, оған ойланбастан қатысуға келісім бердік. Біз турнирдің ұйымдастырылуына, көгалдың сапасына ризамыз. Әрине, біз «Қайрат» туралы, оның деңгейі туралы естігенбіз, ал енді клубты өз көзімізбен көрдік. Біз қабылдауға өте ризамыз.

 - Сізге клуб базасы ұнады ма?

- Біз Академияға, клуб базасына бардық және жасалған жағдайларға өте риза болдық. Біз «Қайратта» жасалған жағдайларға тек қызғана қарай аламыз. Футболшылардың дамуы үшін жасалған мұндай тамаша жағдайлар өз жемісін береді. Бір-екі жылда болмаса, 4-5 жылда жемісін берері анық. Сіздерде елеулі өсім болатынына сенімдімін.  «Қайрат» осы Академияда тәрбиеленген балалармен жасақталатын болады. База-керемет! Мұндай жағдайлар бар бұрынғы КСРО клубтарын саусақпен санауға болады. Сіздерде барлығы ойластырылып жасалған: керемет жаттығу залы, медициналық блок, қалпына келтіру аппараттары, тұрғын үй блогы. Тағы да қайталаймын: мұндай жағдайларға тек қызғана қарай аламыз. «Қайраттың» Президенті Қазақстандағы футболдың жеті қадаммен ілгері дамуы үшін барлығын жасауда. Бұл құрметке лайық. 

- Сіз «Динамо» академиясын қанша уақыт басқарып келесіз?

- «Динамо» академиясында екі жыл жұмыс істеп келемін. Біз келгенімізге қуаныштымыз. Мен үшін маңызды сәттердің бірі «Қайраттың» Академиясындағы жұмыстың қалай құрылатынын көру, басшылықпен әңгімелесу мүмкіндігі болды. Біздің Академияларымыздың ынтымақтастығы жалғасады деп үміттенемін.

 - Турнир басталмас бұрын қандай міндеттер қойдыңыз?

- Біз осы жарыстарға жақсы дайындықпен келдік – финалға шығу жоспары болды. Біз оны орындадық. Біз финалда «Қайратпен» ойнаймыз деп ойладық, бірақ біздің командалар жартылай финалда шықты. Финалдағы біздің қарсыласымыз – «Пахтакор» - өте жақсы команда, техника жағынан да. Маған Ташкенттен келген жігіттер ұнады. Біз олармен турнирдің шешуші матчында ойнағанымызға қуаныштымыз.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»