«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сергей Климов: «Қайрат» жақсырақ ойнады»
Қайрат

Сергей Климов: «Қайрат» жақсырақ ойнады»

19 мая 2019
/ 00:00

Сергей Климов, Ertis командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Бір нәрсе айту қиын. Әр ойыннан кейін осы сөзімді қайталауға тура келеді. Мынау үш күнде бір өткізіп отырған 7-ші ойынымыз. Бұлай ойнау мүмкін емес. Жарақат алған футболшыларымыз көп. Сау ойыншылар қалыпқа келіп үлгермейді. «Қайрат» айтарлықтай басым ойын көрсетті. Сәттілік біздің жақта болғанда нәтиже болар еді. Бізде әр ойында біреу қатардан шығып қалады. Алдағы уақытта аптасына бір ойын ойнайтын кестеге түсеміз. Сол кезде жағдай жақсарады деп үміттенемін. 

- Димитровтың кетуіне байланысты команданығ мақсаты өзгерді ме?

- Маусым басталмас бұрын үздік үштік қатарына енеміз деген мақсат қойған болатынбыз. Бұл ай бізге қиынға соқты, көп ойыншы жарақат алды.

- Димитровтың кетуіне Павлодар облысының әкімімен болған ұрыс-керіс себеп болды ма?

- Мен бұл туралы ештеңе дей алмаймын. Димитровпен бірге әкімге бармадым. Сондықтан, бұл туралы бірдеңе айтуым екіталай. Қауесеттерге сенбеймін.

- Бүгінгі кездесу мазмұны жағынан соңғы матчтардың ішінде үздік ойын болды деп айтуға келе ме?

- Жоқ, барлық ойын мазмұны бірдей. Бүгін шаршаңқы ойын көрсеттік. 27 сәуірден бастап араға 2-3 күн салып кездесу өткізіп жүрміз. Өте қиын, қалпымызға келуге, жаттығуға мүмкіндік жоқ. Сол баяғы ойыншылар. Күніне біреуі құлайды. Жарақат алған ойыншылар матчқа қатыса алмайды. Жарақат алғандар: Мульдинов, Шабалин, Витас, Попов. Фонсека. Дубра мен Манзорро да жарақат алды. Мұндай ойын кестесіне дайын емес едік. Енді бір аптадан кейін ойнаймыз, кішкене болсын  демаламыз деп ойлаймын.

- Станислав Луниннің кетуі неге байланысты?

- Станислав Лунин ауырды. Ол туралы айтуға ұмытып кетіппін. Оның жарақат өте ауыр, ем алу керек. Бәрі қабаттасып кетті, қайсысы мәселені шешу керек екенін білмеймін.

- Екінші  таймда «Ертісте» керемет мүмкіндіктер көп болды...

- Әрине, бәрі де болуы мүмкін. Сәттілік біз жақта болса, тең ойын көрсетуге болар еді.

- Тең ойын әділ шешім болар ма еді?

- «Қайратта» да гол соғуға көптеген мүмкіндіктері болды.

Алексей Шпилевский: «Жеңіске жету өте маңызды болды»

(Алексей Шпилевский: «Очень важно было победить»)

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:

- Ең бастысы, біз жеңіске жеттік және үш ұпайды еншіледік. Соңғы апталар жігіттер үшін қиынға түсті, сол үшін де жеңіске жету керек болды. Өзіміздің жағдайымызды қиындатып алғанымыз да – шын. Бірінші таймда гол соқсаң, мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алсаң, бәрі басқаша болады. Көптеген қауіпті сәттерді іске асыра алмадық. Ойын соңында аздаған жүйкеге тиер сәттер болды. Қарсыластарды біздің айып алаңынан алыс ұстауға тырысуымыз керек еді. «Шахтермен» кездесуге дайындалып жатырмыз.

- Сіздің көңіліңізден шығу үшін командаға қанша уақыт керек деп ойлайсыз?

- Айту қиын. Жігіттер тырысып бағуда. 20-30 минуттай командамның ойыннына риза болсам, кей сәттерде футболшылар ескі әдеттерін қайталап жатты. Футбол журналистер, жанкүйерлер мен көрермендердің көргеніндей бола бермейді. Жаңа өзгерістер енгізу керек. Жас ойыншыларды қиын матчқа шығара білу керек, оларға сену қажет. Мен бұл өзгеріске ризамын. Алайда көптеген мүмкіндіктерді қолдан жіберіп алғанда жайбарақат отыру мүм кін е емес. 

- Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін тез арада команданы қалыпқа келтіре аласыз ба?

-Тырысамыз, әрине. Мен өз командама сенемін.  

- Футбол бес сатыдан құралады деп өзіңіз айтып едіңіз. Соның біреуі– стандартты жағдай. положения.  Соңғы кездері «Қайрат» қақпасына стандартты дағдайдан гол соғылу қаупі жиілеп кетті. Мұны қалай түсіндіресіз.

- Егер біз басқа фазаларда жұмыс істемеген болсақ, нашар ойын көрсеткен болар едік. Ойынның ықтималдығы қаншалықты стандартты жағдай рұқсат етілетініне байланысты. Пайыбен алып қарасаң, өте аз бо. Біз стандартты жағдайдан көп гол жіберіп алдық. Мен келісемін, біз стандарттарды өткізіп жібереміз.Бір жерде шоғырлану проблемалары бар, бір жерде, мүмкін, жауапкершілік жағынан қателіетер кетті. Алайда бұрыштамаға, айып добына жол бермеуіміз керек еді. Қарсыласты алаңымыздан аулақ ұстауымыз керек. Ал егер алаңыңа өткізіп алдың ба, онда шайқасуға, қарсыласты мықты қадағалауың қажет. болсақ, онда біз шайқасты іздеп, допты қадағалап, қарсыласыңызды ұстап тұруымыз керек.
Қарсы командаға гол соғудың жалғыз мүмкіндігі - стандартты жағдай арқылы немесе жылдам алмасулар арқылы. Неге біз гол соға алмаймыз? Ол үшін допқа иелік ете алатын, оны өткір соға алатын ойыншы керек. Бауыржан Исламхан жақында ғана алаңға оралды, ол ойынға толық дайын емес. Ол - бұған қабілетті ойыншылардың бірі.

- Сәрсеновті Косовичпен алмастыруда не көздедіңіз?

- Бұл позицияда ойнай алатын Әбікен төртінші сары қағазын алып, матчқа қатыса алмады. Рамазан Оразов жарқатынан әлі айықпады. Сондықтан, алаңға Саматты шығардық.  Біріншіден, ол «Қайрат-Жастар» сапында өзін жақсы көрсете білді. Екіншіден, допты тартып алуда шебер. Вячеслав Швырев те қарсыласын қуып жету де алға жан салмайды. Конрадты жарақат алуына байланысты ауыстырдық, Ғафуржан тәжіребиелі, соынмен қатар, ол сол аяқпен де ойнай алады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»