«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сергей Кейлер: «Кубоктың жартылай финалына шығу үшін бар күшімізді саламыз»
Қайрат

Сергей Кейлер: «Кубоктың жартылай финалына шығу үшін бар күшімізді саламыз»

04 июня 2023
/ 06:00

«Қайраттың» капитаны Сергей Кейлер клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 12-туры аясындағы «Оқжетпеске» (2:1) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

– Алдыңғы ойындардағы нашар нәтижелерді ескерсек, бүгінгі жеңіс қаншалықты маңызды болды? Қандай да бір қысым сезіндің бе?

– Бұл матчта моральдық тұрғыдан жеңіске жету өте маңызды болды. Себебі саябырланып, соңғы жеңілістерді ұмытуға көмектесті. Қысым әрқашан болады, өйткені біздің өз міндеттеріміз бар. Әрі ол үшін әрқайсымыз жауаптымыз.

– Алда Атырауда өтетін Кубоктың қарымта кездесуі бар. Бұл ойынға дайындығың қалай?

– Әр ойында тек жеңеміз деп дайындаламыз! Жартылай финалға шығу үшін бар күшімізді саламыз!

– Біздің жанкүйерлерімізге не айта аласың?

– Бізді әрқашан қолдайтын нағыз жанкүйерлерге бүкіл команда атынан алғысымды айтқым келеді. Қандай жағдай болмасын бізді қолдағандарыңыз үшін рақмет! Сіздерді жеңістерімізбен қуантуға қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»