«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сергей Кейлер: «Финалға шығу үшін бар күшімізді салдық»
Қайрат

Сергей Кейлер: «Финалға шығу үшін бар күшімізді салдық»

28 июня 2018
/ 00:00

«Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Сергей Кейлер алматылық команданың Қазақстан кубогы финалына жетер жолында маңызды ойыншылардың бірі болды. Сергей клубтың ресми сайтына жартылай финалдық текетірес, командалар ойыны мен негізгі командада өнер көрсету мүмкіндігі жайында айтты.

- Сергей, финалға шығуыңмен құттықтаймыз! Бұл қаншалықты ауыр болды, әлде ешқандай қиындық болмады ма?

- Көп рақмет! Иә, матч біз күткендей ауыр болды, себебі «Ертіс» жақсы команда, ойыншылары да мықты! Алғашқы 20 минуттың ауыр боларын білдік, себебі оларға есеп айырмасын қысқарту керек болды, жылдам гол соғу үшін бар күшін салды. Бәрі солай болды, олар гол соқты. Бірақ бірінші таймның аяғында біз таразы басын теңестіріп тасталық. Бұл бізге сенімділік пен кей тұста басымдылық берді. 50-минуттарда пенальтиден гол соғып, барлық мәселені шешіп тастауымыз мүмкін еді. Бірақ матч соңғы минутқа дейін тартысты болуы керек қой (жымиып).

- Кубокта өзімізідң қазақстандықтардан құралған жас команда өнер көрсетуі ұжымды ерекше біріктірді ме? Себебі команда тұтас ұжым ретінде ойнап жатқандай көрінді.

- Иә, бізде кубокта ең жас құрам. Бәрімізде бұл өзімізді көрсетуге берілген мүмкіндік екенін түсіндік, клуб үшін өте маңызды жүлде жеңіп алу мүмкіндігі екенін де білдік! Біздің басшылығымыз сенім артты, қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетуге мүмкіндік бердік, алаңға шыққан әр ойынымызда 200 пайызға барымызды салдық. Біз жұдырықтай жұмылған ұжыммыз!

- Финалда қатарынан екінші маусым «Атыраумен» ойнаймыз. Бұл қарсылас қалай?

- Қарсыласымыз жақсы. Қатарынан екінші жыл финалға бекер шықпаған. Оңай қарсылас болмайды.

- Кубок финалы – әр ойыншы үшін негізгі командада ойнай алатынын дәлелдейтін мүмкіндік пе?

- Финал ғана емес. Кубоктағы барлық матч біздің өзімізді көрсетуімізге, «Қайраттың» жейдесін киюге лайықты екеніміді дәлелдеуге берілген мүмкін. Біз финалға дейін жету үшін барымызды салдық, енді соңғы қадам қалды. Финалда бәрі де ойнай бермейді, сондықтан әрқайсымыз үшін е бұл ерекше жігер, алаңға шыққан әр ойыншы матчта жеңіске жету үшін бар күшін салады. Біз бар күшімізді береміз, тек Жаратқан ғана кімнің жеңерін шешеді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»