«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сербиялық тосынсый
Қайрат

Сербиялық тосынсый

25 марта 2019
/ 00:00

Тимур Сегізбаев атындағы Академия тәрбиеленушілері кешкі асқа келгенде таңқалды. Оларды «Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич қарсы алды, ол тәрбиеленушілерге кешкі ас таратуға көмектесті.

Раде алжапқыш, қалпақ, қолғап киіп алып, Академия аспаздарына қуана жәрдемдесті. Оның Академия асханасында болуы бәріне үлкен әсер сыйлады. Кешкі астан кейін Дугаличті үйіне ұзақ уақыт бойы жіберген жоқ – онымен естелікке суретке түскісі келетін балалар саны көп болды.

Футболшы клубтың жас ойыншыларына бірінші рет қонаққа келіп тұрған жоқ. Ақпанда негізгі команданың сербиялық қорғаушысы Академия тәрбиеленушілерімен кездесу өткізіп, өзінің мансабы жайында, Ресей кубогын ұтып алғаны туралы айтып, көптеген сұрақтарға жауап берді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»