«Қайрат» өз алаңында қызылордалықтарды сенімді ұтты.
«Қайрат» - «Қайсар» - 4:1
Голдар: Барбоза, 19, Аршавин, 61, Анене, 76, Лунин, 90+2 – Курьор, 27
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Акош Элек, Елдос Ахметов, Стас Покатилов, Хуан Фелипе, Исламбек Қуат (К), Иво Иличевич (Исламхан, 65), Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Уго Сильвейра (Анене, 69)
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Магомед Парагульгов, Вячеслав Швырев
«Қайсар»: Александр Григоренко (Қ), Иван Граф, Абдель Ламанж, Матиас Курьор, Пол Ооко Вере, Александр Марочкин, Думан Нарзилдаев (Гурман, 63), Валерий Коробкин, Ілияс Әмірсейітов, Мақсат Байжанов (Джедже, 80), Тоқтар Жанғылышбай (Аркин, 71)
Қосалқы құрам: Марсель Исламқұлов (Қ), Джон Камара, Владимир Аржанов, Дмитрий Евстигнеев, Дәуренбек Тәжімбетов, Алдан Балтаев
Шағын үзілістен кейін үлкен футбол «Орталық» стадионға оралды. Бүгін «сары-қара түстілер» қызылордалық «қасқырларды» қабылдады. «Қайсар» Қазақстан чемпионаты аясындағы ойындарда сенімсіз өнер көрсетіп жүр және алматылықтарға қарсы матч қызылордалық қонақтар үшін қиынға соқты.
«Қайрат» бәрі күткендей ойынды бірінші нөмірмен бастады. Бірақ соған қарамастан «Қайрат» қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырды: 3-минутта Жанғылышбай есепті ашуға жақын болған, алайда бос қақпаны дәл көздей алмады.
Кездесудің 19-минутында Исаэль Барбоза қызылордалықтардың айып алаңына еніп, қарсыластың қорғанысынан қиындықсыз сытылып өтті де, допты қақпада тулатты – 1:0. «Қайсар» бірнеше минуттан соң таразы басын теңестіре алды. Қызыл түсті жейдедегі ойыншылардың бірі Акош Электен допты тартып алып, бос тұрған Курьорға пас қалдырған. Соңғысы есепті теңестірді.
Екінші таймның басында да «Қайрат» белсенділік тантты. Алматылықтар 61-минутта есепте тағы да алға шықты. Иво Иличевич өкшесімен Аршавинге пас асырды – жартылай қорғаушы сол аяғымен дәл соққы жасады. Артынша алматылық команда сапында ойыншылар алмасып, бұл матчты өзгерте алды: Чума Анене Уго Сильвейраның орнына шықты.
76-минутта норвегиялық шабуылды «Қайраттың» басымдығын ұлғайтты – 3:1. Ал кездесу аяғында Станислав Лунин «Қайсар» қақпасына төртінші голды соғып, «сары-қаралар» бүгін сенімді жеңіске қол жеткізді.