Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасының матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.
Еліміздің негізгі командасы құрамына алматылық клубтан сегіз ойыншы шақырту алды: Владимир Плотников, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магомед Парагульгов және Георгий Жуков. Сондай-ақ, қосалқы тізімге қорғаушы Александр Соколенко енді.
Осы жылдың қазанында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Латвия (13 қазан, Рига) және Андорра (16 қазан, Астана) командаларымен кездеседі.