«Қайрат» ФК-ның қорғаушысы Сергей Кейлер бірнеше сағатқа Аяз Атаға айналып, жақында ғана сүйек кемігін ауыстыру операциясын өткізген біздің адал жанкүйер Асылжанды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
«Қайратты» бұрыннан қолдап келе жатқан он төрт жасар Асылжан Тұяқбай екі жылдан бері онкологиялық аурумен күресуде. Біздің жас жанкүйеріміз бірнеше операциялар мен химиотерапия сеанстарын бастан кешірді.
Екінші рет сүйек кемігін ауыстыру операциясынан кейін қалпына келіп жатқан Асылжан өзін жақсы сезінуде. Сүйікті командасының ойыншысының келуі оның көңіл-күйін көтерді. Біздің жанкүйер келесі маусымдағы «Қайраттың» барлық өз алаңда өтетін кездесулеріне келуге уәде берді.
«Қайрат» ФК-ның үлкен «сары-қара» жанұясы Асылжанға тезірек сауығуды тілейді! Сені «Орталық» стадионда күтеміз!