«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Саша Марттың шеберлік сағаты
Академия жаңалықтары

Саша Марттың шеберлік сағаты

06 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» негізгі құрамының бапкерлерін жаттықтыратын Саша Март «Қайрат» ФК Т. С. Сегізбаев атындағы Академиясының голкиперлеріне өз тәжірибесі жайында айтты.

Австриялық маман алдымен жас ойыншыларды топтарға бөліп тастады, олардың әрқайсысы реакция, координация және ойлау жылдамдығы бойынша жаттығулар жасады.

Практикалық дайындықта жас қақпашылар жолай бағытын өзгерткен доптарды кері қайтару, дұрыс позиция таңдау, айып алаңына асырылған доптың траекториясын есептеу және сол секілді басқа да жаттығуларды орындады.

- Жаттығу техниканы арттыру, күш-қуат элементтерін жақсарту бойынша өте пайдалы болды, - дейді «Қайрат» ФК резерв Академиясының тәрбиеленушісі Никита Пивкин. – Екі командаға бөлініп, бір-бірімізге қарсы жаттыққан сәтіміз қызықты шықты. Себебі алаңда ойыншы ретінде болған голкиперлер қақпаға соққыны жұдырықпен жасап, тіпті, оны бар күшімен ұруы тиіс болды. Жаттығудың соңына қарай бір-бірімізге 11 метрлік соққылар жасадық. Шеберлік сағаты кезінде үйреткендердің бәрі де ұнады. Пайдалы әрі қызықты жаттығу болды. Саша көп қалжыңдап, күліп жүрді. Көңілді атмосферада жаттығу жасадық.

- Клубтық резерв академиясының бапкерлерімен жиі байланысып отырамын, - дейді «Қайрат» ФК негізгі құрамының қақпашылар бапкері Саша Март. – Сондай әңгімелердің бірінде әріптестерім бірге жаттығу өткізуді ұсынды. Бұл ғажайып идея болды. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан келген соң «Қайраттың» негізгі құрамы екі күн демалыс алды. Осы уақытта жасөспірімдермен жаттығу өткіздім. Жігіттер осындай сабақтарды дәстүрлі түрде өткізіптұруымды сұрады. Қуана қабыл алдым. «Қайрат» үшінші оқу-жаттығу жиынынан келген соң тағы да шеберлік-сағатын өткіземін. Осы сәтті пайдаланып, жаттығуда талмай еңбек еткен жас ойыншыларға алғыс айтқым келеді. Олардың білімқұмар әрі ынталы оқушылар екенін байқадым.  

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»