«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралардың» бес ойыншысы Бірінші лиганың үздіктер құрамасында
Қайрат-Жастар

«Сары-қаралардың» бес ойыншысы Бірінші лиганың үздіктер құрамасында

24 октября 2019
/ 11:00

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига-2019 маусымының 24-ші турының символикалық құрамасын таныстырды. Оған «Қайрат-Жастар» командасының бес ойыншысы кірді: Данил Устименко, Айбар Нұрдалиев, Сұлтанбек Астанов, Вячеслав Швырев және Артур Шушеначев.

24-ші турдың үздік қақпашысы Данил Устименко болды.

«Устименко «Астананың» жастар командасын жеңуде шешуші рөлдердің бірін атқарды. «Қайрат-Жастар» қақпашысы 6 соққыны жойып, бір сейв жасап, қақпадан шығуда 6 рет сәтті ойын көрсетті (100% көрсеткіш). Іс-әрекет индексі-274».

Айбар Нұрдалиев үздік сол жақ қорғаушы атанды.

«Нұрдалиев өткен турда барлық қапталдарды жауып, қорғаныста сенімді ойнап, өз командасының шабуылдарына қосылды. Нұр-Сұлтанда ол 86% пасты жойып, қарсыластың айып алаңына үш рет доп берді, 8 рет допты алып, 7 рет допты қарсыластан алып қойып және 6 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалды. Әрекет индексі-248».

Сұлтанбек Астанов үздік шабуылдаушы жартылай қорғаушы атанды.

«Астанов шабуылда көп уақыт өткізіп, «Астана» командасының қақпасына қауіп төндіріп, қарсыластардың қорғаушыларын қобалжытты. Ол 5 рет соққы жасауға мүмкіндік тапты, олардың үшеуі қақпаға дәл бағытталып, біреуі қақпаға кірді. Оның 85%  пасы діттеген жеріне жетіп және де  ол астаналықтарды үш рет фол жасауға мәжбүр етті. Әрекет индексі-279».

Үздік шабуылшылар қатарына енді:

Вячеслав Швырев

«Швырев «Астана М» командасымен жоғары деңгейде ойын өткізді. 18 жасар форвард кездесу дебютінде маңызды гол соғып, артынша ассист. етті. Бұл нәтижелі әрекеттер алматылықтардың 5:0 есебімен жеңген ойынға үн қосты. Өзіне 4 фол жинап, үш рет қарсыласты алдап өтті, 8 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалды, 4 рет нәтижелі пас берді, 83% дәл пас берді. Оның еңбектерінің тізімі көп және әр қилы. Турдағы үздік әрекет индексі-309».

және Артур Шушеначев

«Астана» жастар командасымен болған кездесуде Шушеначев батыл әрекет етіп, қарсыластың айып алаңында бақытын іздеді. «Қайрат-Жастар» шабуылшысы төрт қауіпті соққы жасап, бір рет қақпаны алды, біріншілікте соғылған голдардың санын 12-ге дейін жеткізді. Әрекет индексі-270».

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»