«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» жаттығу матчын өткізді
Клуб жаңалықтары

«Сары-қаралар» жаттығу матчын өткізді

12 октября 2019
/ 11:00

«Қайрат» футболшылары, сондай-ақ «Қайрат-Жастар» жас ойыншылары мен Академия тәрбиеленушілері клуб базасында жаттығу матчын өткізді.

Ағымдағы аптада жаттығу процесіне «Қайрат-Жастар» ойыншылары, сондай-ақ Академия тәрбиеленушілері (2000, 2001 және 2002 жылы туған) қатысты. Осылайша, клуб академиясының қабырғасында тәрбиеленіп жатқан футболшылар негізгі құрам ойыншылармен бірге жаттығып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.

Аралас командалар арасындағы матчт отыз минуттан екі таймнан ауысусыз өтті. Ойында жеті доп соғылды. 

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері: біз «Қайрат» ФК-ның жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі Вольфганг Гейгер ұсынған Академияның болашағы зор ойыншыларын жаттығу үдерісіне қатыстыруды шештік. Жаттығу аптасы екі жақты ойынмен аяқталды. Ол бәріне пайдалы болды. Әсіресе жас футболшыларға. Бұл матчта жақсы динамика байқалды. Менің бұған көңілім толды. Жас футболшыларға сену керек, оларды бірінші командаға жетелеу керек. Мен бәріне ашықпын. Егер де  футболшы өзін көрсете алса, әрқашан мүмкіндік алады. Көптеген жас ойыншылардың бірінші командамен жаттығу жиынына баруға мүмкіндігі бар.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»