«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» өз құрамаларында
Қайрат

«Сары-қаралар» өз құрамаларында

12 сентября 2018
/ 00:00

Беларусь құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сергей Политевич Сан-Марино және Молдова құрамаларына қарсы екі матчта да 90 минут бойы ойнады.

8 қыркүйекте футболдан Беларусь құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы матчында Сан-Мариноны тас-талқан етті – 5:0. Сол матчта Сергей Политевич негізгі құрамда шығып, матчты толық өткізді. 11 қыркүйекте Сергей Модоваға қарсы матчты да бірінші минуттан бастады. Ойында есеп ашылған жоқ – 0:0.

Мартон Эппель Венгрия құрамасы сапында Ұлттар лигасы аясында Финляндия және Грекия командаларына қарсы ойнады. Екі матчта да Эппель ойынға тыңнан қосылды.

8 қыркүйекте Финляндияға қарсы матчта «Қайраттың» шабуылшысы алаңға 71-минутта шығып, командаласы Роланд Шаллаиды алмастырған. Венгрия құрамасы сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Кейін Венгрия құрамасы өз алаңында Грекия командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Эппель алаңға 69-минутта шығып, командасына жеңіс есебін сақтап қалуға көмектесті.

Жақын арада ойыншыларымыз команда құрамына оралып, оралдық «Ақжайыққа» қарсы матчқа дайындықты бастайды. Бұл кездесу 16 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Басталуы – 19:00-де.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»