«Тараз» – «Қайрат» 0:2
Голдар: Адеринсола Эсеола (59'), Бауыржан Исламхан (71').
«Тараз»: Мухаммеджан
Сейсен (В) – Рахимжан Розыбакиев, Игорь Пикалкин, Берик Айтбаев, Александр
Симчевич, Максат Амирханов (К) – Неманья Суботич, Жиан Мартинс – Алишер Сулей,
Эливелто, Серж Ньюадзи.
Қосалқы құрам: Тимурбек
Закиров (В) – Бекзат Шадманов, Мадияр Нуралы – Дінмұхамед Қараман, Абзал
Таубай, Гаврил Кан, Шейхислам Кулахметов – Жақып Қожамберды, Абылайхан Жұмабек.
«Қайрат»: Стас
Покатилов (В) – Дино Миканович, Айбол Абикен, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев
– Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Еркебұлан Тұңғышбаев,
Конрад Вржещиньский – Еркебұлан Сейдахмет.
Қосалқы құрам: Владимир
Плотников (В) – Сергей Кейлер, Нұралы Әліп – Небойша Косович, Сұлтанбек
Астанов – Адеринсола Эсеола.
Жеребенің қалауымен қайраттықтар Таразда өткен матчқа бір апта өтер-өтпестен қайтадан Вахид Масудовтың командасына қарсы тағы бір ойын өткізді. Бірінші матчқа қатысқан футболисттерден бүгін үшеуі болмады: Сергей Политевич және Мартон Эппель алаңға сары қағаздың көптігінен, Исламбет Қуат денсаулығына байланысты алаңға шыға алмады. Бірақ «Қайраттың» негізгі құрамына дисквалификацияда болған Небойша Косович оралды. Алғашқы минуттардан бастап орталық қорғаныста Раде Дугалич – Айбол Абикен әрекет етсе, шабуылда команда капитаны Бауыржан Исламханға Еркебұлан Тұңғышбаев, Конрад Вржещиньский және Еркебұлан Сейдахмет көмектесті. Матч «Оқжетпес-М» футболшысы Роман Зюзинді еске алу үшін бір минут үнсіздіктен басталды.
Мұхаммеджан Сейсен қақпасындағы алғашқы қауіпті сәт 10-минутта Еркебұлан Сейдахметті көгалға құлатқан кезде орын алды. Алайда бұған дейін төреші қожайындардың қақпасына қолмен ойнағаны үшін айып добын бермеді. Сейдахметке қарсы ойын бұзған кездегі, айып добына келер болсақ, Бауыржан Исламхан оны жақындағы тоғыздыққа соққан болатын, бірақ доп қақпаның жоғарғы жағынан асып өтті.
«Тараздың» футболисттері Александр Симчевичтың соққысымен жауап қайтарды. Серб дәл қақпаға соққы бағыттады, бірақ Стас Покатилов бұл соққыға төтеп берді. Рамазан Оразов допты алысқа шығарып тастап жағдайды жеңілдетті. Он минут өткеннен кейін Серж Ньюадзи есепті ашуға жақын болды, бірақ оның соққысын Стас Покатилов аяқпен қайтарып, барлығын жылдам реакциясымен таң қалдырды. Алматылықтар жылдам керемет шабуылмен жауап қайтарды. Исламхан Ғафуржан Сүйімбаевқа тура пас беріп, бірақ ол қақпаға кіргізе алмады. Бірінші тайм 0:0 есеппен аяқталды.
Үзілісте Алексей Шпилевский екі ауыстыру жасады.Адеринсола Эсеола Конрад Вржещиньскийді, ал Нұралы Әліп – Еркебұлан Тұңғышбаевты ауыстырды. Осылайша Айбол Абикен қорғанысқа ауысып, ал Эсеола әрине орталық шабуылшының орнында ойнады.55-ші минутта Деринге сары қағаз көрсетілді, бірақ ол сәт жазалайтындай емес еді. Шабуылшы қарсыласты көрмей допқа ойнады, бірақ төреші Эсеоланы сары қағазбен «марапаттады». Көп ұзамай бідің бомбардир өзінің дәстүрлі голын соқты. Адеринсола Георгий Жуковтан пас алып,допты Сейсеннің қақпасына салды- 0:1!
Гол соққанға бес минут болған кезде алматылықтар өздерінің қақпасына айып добын алды. Доп рикошеттен Айбола Абикеннің қолына тиіп, төреші «нүктені» көрсетті. Рибейро Эливелто он бір метірлікті орындаған кезде допты қақпаның үстінен асырып түсті.
Кездесудің аяғына жиырма минут қалған кезде «сары-қаралар» екінші допты соғып, осы сәт матчтың жеңімпазы кім болады деген сұраққа жауап берді. Керемет комбинация Эсеоланың капитанның басына көтерген добымен аяқталды.Исламхан дәл көздеді – 0:2.
Финалдық ысқырыққа дейін алматылықтарда есепті ұлғайтатын мүмкіндік болды, бірақ олардың финалдық соққыларының жолы болмады. «Қайраттың» сырт алаңдағы кезекті жеңісі «сары-қараларды» турнирлік кестеде бірінші орынға шығарды.