«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» сырт алаңда «Ертіске» есе жіберді
Қайрат

«Сары-қаралар» сырт алаңда «Ертіске» есе жіберді

03 ноября 2019
/ 11:00

«Ертіс» - «Қайрат» 5:0

Голдар: Сұлтан Сағынаев (38'), Жереми Манзорро (66'), Милош Стаменк (81'), Арман Кеңесов (87'), Карлос Фонсека (90'+2).

«Ертіс»: Андрей Пасеченко (В) - Дмитрий Шмидт, Милош Стаменкович, Урош Витас, Руслан Есімов (К) - Патрик Хиди, Марко Станоевич, Сұлтан Сагнаев - Жереми Манзорро, Деян Георгиевич, Арман Нүсіп.

Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (В), Илья Сотник (В) - Рафкат Аслан, Сағадат Тұрсынбай - Артем Попов, Арман Кеңесов, Карлос Фонсека - Руслан Мингазов, Тимур Мульдинов.

 «Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Дино Миканович, Сергей Политевич, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев- Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Конрад Вржещинский - Мартон Эппель, Адеринсола Эсеола.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В), Дінмұхаммед Жомарт (В) - Сергей Кейлер, Елдос Ахметов - Рамазан Оразов, Исламбек Қуат, Еркебұлан Сейдахмет - Артур Шушеначев.

 Матч қайраттықтардың жаппай шабуылынан басталды. «Сары-қаралар» үлкен күшпен алға шықты. Тоғызыншы минутта Мартон Эппель Ғафуржан Сүйімбаевтың берген пасынан кейін гол соқты, бірақ төреші офсайдты белгіледі. Содан кейін Дино Миканович ерекшеленуі мүмкін еді. Хорват айып алаңға соққы жасап, ал доп бәрінен өтіп, алыс штангадан сантиметрде өтіп кетті. Бірнеше минут өткен соң Алматылықтардың басқа қорғаушысы ерекшеленуге мүмкіндік алды: бұрыштама ойнатылғаннан кейін Раде  Дугалич қақпаға соққы жасап, бірақ қожайындардың қақпашысы Андрей Пасеченко допты алды. 26-шы минутта Бауыржан Исламхан жылдам шабуыл нәтижесінде қожайындардың қақпасына соққы бағыттап, бірақ доп штангаға тиді. «Сары-қаралар» шабуыл жасауды жалғастырды, ал қожайындар сирек қарымта шабуылдармен жауап берді. Нәтижесінде Сұлтан Сағынаев есеп ашты. Ол бірге-бір Стас Покатиловпен шығып, қақпаның алыс бұрышын бағындырды. Үзіліске командалар 1:0 есебімен кетті.

Екінші таймда Алексей Шпилевский Конрад Вржещиньскийді Исламбек Куатқа ауыстырды. Он минуттан кейін Исламбек Қуат команданың шабуылын мықты соққымен аяқтады, бірақ доп штанганың жанынан өтті. Сондай-ақ, қақпашының дайындығын Ғафуржан Сүйімбаев пен Раде Дугалич тексерді. 66-шы минутта «Ертіс» жылдам шабуылға шығып, есепті екі есеге көбейте алды. Бұл жолы Жереми Манзорро гол соқты. «Қайрат» ва-банкқа барып, үшінші форвардты шығарды. Алаңға Артур Шушеначев шықты. Ұзақ уақыт бойы алматылықтардың барлық алаң ойыншылары қарсылас алаңының жартысында болды. Мұндай ойын нәтижесі павлодарлықтарға тағы екі доп әкелді. Финалдық ысқырық «Ертіс» командасының 5:0 есебімен жеңген жеңісін белгіледі.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»