«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Қайрат

«Сары-қаралар» үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады

21 февраля 2020
/ 12:00

Футболшылар, бапкерлер штабы және «Қайрат» ФК-ның медиа-қызметі Алматыға оралды. Екі күндік үзілістен кейін команда жаттығу үдерісіне оралып, маусымның басталуына дайындықты жалғастырады.

Қорытынды оқу-жаттығу жиынында біздің команда төрт бақылау кездесуін өткізді. Бірінші матчта Алексей Шпилевскийдің шәкірттері мәскеулік «Динамомен» ойнады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталып, «Қайрат» құрамында Данияр Үсенов көзге түсті. Екінші ойында алматылықтар «Днепр-1» СК басымдықпен жеңді - 4:2. Үзіліске дейін біздің команда Небойшы Косовичтің, Конрад Вржещинскийдің және Раде Дугаличтің голдарының арқасында 3:0 есебімен басым болып, екінші жартысында Еркебұлан Тұңғышбаев көзге түсті. Одан кейін қайраттықтар Ресей чемпионы – «Зенитке» қарсы ойын өткізді. Тең ойында біз 3:1 есебімен есе жібердік. Тұңғышбаев соғылған голдың авторы атанды.

ОЖЖ-ның қорытынды матчында алматылықтар «Рубинге» қарсы ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матчтан кейін «Рубин» бапкері Леонид Слуцкий «Қайраттың» көптеген компоненттер бойынша оның командасынан басым түскенін атап өтті. Бұл ойында Абат Аймбетов, Раде Дугалич және Конрад Вржещинский ерекшеленді.

Енді команда клуб базасында ҚПЛ бірінші турына дайындықты жалғастырады. 28 ақпанда клубтың жанкүйерлері команданың ашық жаттығуын тамашалай алады.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»