«Қайрат» ФК және КУА «Алмалы» Минскіде өткен халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығынан күміс затбелгі алған беделді жартылай марафонға қатысты.
Минск жартылай марафонының стартына әлемнің 68 елінен 40 мың қатысушы келді. Олардың құрамына «Қайрат» ФК Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, клубымыздың академиясының бапкері Рафаэль Уразбахтин, сондай-ақ КУА «Алмалы» қызметкерлері кірді.
Беларуссия астанасындағы жарыстың барлық қатысушылары жартылай марафоннан мықты эмоционалды қуат алды.