«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» «Мейірім» орталығына қонаққа келді
Қайрат

«Сары-қаралар» «Мейірім» орталығына қонаққа келді

03 марта 2020
/ 12:00

«Қайраттың» бапкерлер штабы мен ойыншылары «Мейірім» орталығының балалары мен жасөспірімдеріне қонаққа келді. Олар сары-қараларға арнап нағыз мейрам ұйымдастырды.

Бірегей орталықта оңалтудан өтетін балалар мен жасөспірімдер әрдайым сүйікті командасының келуін асыға күтеді. «Сары-қаралардың» бапкерлері мен ойыншылары балалармен рахаттана көңілді жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырады. Бұл көптен бері жақсы дәстүрге айналды.

«Қайраттың» үлкен жанкүйерлері болып табылатын балалар мен футболшылардың кездесуі дәстүрлі түрде «Көңілді старт» форматында өтті. Бұл жолы көктем тематикасында болды. Балалар мен футболшылар «Бәйшешек» және «Қызғалдақ» деп аталатын екі командаға бөлініп, жылдамдыққа арналған қызықты эстафеталарда жарысты, «кедергілер жолағынан» өтіп, гүлдер жинады, сондай-ақ импровизацияланған бәйгеге қатысты.

Жарыс қорытынды есепсіз аяқталды. Осындай жарыстарда кез-келген қатысушы жеңіске жетеді, өйткені барлығы олардан жақсы әсер мен сергектік алады. «Сары-қаралар» балаларға сыйлықтар сыйлады, ал «Мейірім» орталығының тәрбиеленушілері командаға өз қолдарымен жасаған суретті сыйлады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»