«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» медальдар мен кубоктар алды
Академия жаңалықтары

«Сары-қаралар» медальдар мен кубоктар алды

08 января 2020
/ 12:00

Қазақ көлік және коммуникация академиясында балалар мен жасөспірімдер клубтары арасындағы Алматы чемпионатының үздік командаларын марапаттау рәсімі өтті. «Қайрат» ФК атынан тоғыз команда жүлде алды.

2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы чемпионатта С. П. Квочкин атындағы «Қайрат» ФК академиясының тәрбиеленушілері чемпион атанды. Күміс медальді С. П. Квочкин атындағы «Қайрат» ФК академиясының 2011 жылы туған командасы жеңіп алды.

2009 жылы туған командалар арасында С. П. Квочкин атындағы «Қайрат» ФК академиясының тәрбиеленушілері үздік атанды. Бұл жас категориясындағы қола жүлдені тағы да С. П. Квочкин атындағы академияның  командасы алды.

2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен чемпионатта да С. П. Квочкин атындағы академия бірінші орынға ие болды. Күмісті олардың Е. А. Пехлеваниди Академиясындағы құрдастары алды.

2006 жылы туған командалар арасында алтын медальді С. П. Квочкин атындағы «Қайрат» ФК академиясының командасы жеңіп алды.

2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы чемпионатта күміс жүлдені Е. А. Пехлеваниди академия тәрбиеленушілері иеленді.

Қала біріншілігіндегі 2004 жылы туған ойыншылар арасында күміс медальді С. П. Квочкин атындағы «Қайрат» ФК академиясының командасы жеңіп алды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»