«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» маусымды «Таразға» қарсы жеңісті ойынмен ашты
Қайрат

«Сары-қаралар» маусымды «Таразға» қарсы жеңісті ойынмен ашты

07 марта 2020
/ 12:00

«Қайрат» маусымды Тараздан келген қонақтарға қарсы жеңісті ойынмен ашты. «Орталық» көгалында Конрад Вржещиньский және Абат Аймбетов ерекшеленді.

«Қайрат» – «Тараз» 2:1

Голдар: Конрад Вржещиньский (24'), Нилс Цатл (29'), Абат Аймбетов (83').

«Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Гафуржан Суюмбаев (К), Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Дино Миканович - Яцек Гуральский, Данияр Үсенов, Небойша Косович, Конрад Вржещинский - Абат Аймбетов, Еркебұлан Тұңғышбаев.

Қосалқы құрам: Данил Устименко (В) - Камо Оганесян - Адам Адахаджиев, Гулжигит Алыкулов, Сұлтанбек Астанов - Шушеначев Артур.

«Тараз»: Джурахон Бабаханов (В) - Деян Больевич, Бекзат Шадманов, Валерий Каршакевич, Михаил Мищенко, Мақсат Әмірханов (К) - Горан Бркич, Йован Чадженович, Овидиюс Вербицкас, Тони Сильва - Нилс Цатл.

Қосалқы құрам: Мұхамеджан Сейсен (В), Алмаз Хамытбеков (В) - Берік Айтбаев, Дмитрий Евстигнеев, Мадияр Нұралы - Шейхислам Құлахметов, Әлішер Сүлей, Абзал Таубай, Дінмұхамед Қараман.

«Орталықта» өткен матч қолайсыз ауа райы жағдайында өтті. Алматыда таңертеңнен бастап қар жауғандықтан, көгалды тазалау жұмыстары ерте басталды. Айта кетерлігі, қар бүкіл матч бойы тоқтамады, алайда уақытында анық белгіленген сызықтар мен ашық түсті доп футболшыларға да, көрермендерге де көмектесті. «Сары-қаралар» матчтың алғашқы минутынан бастап, әрине, алға шабуылдады. Қонақтар екінші нөмірде жұмыс істегенді жөн көріп, шабуылдау жайында ойламады. Бастапқы құрамда шығуға мүмкіндік алған Данияр Үсенов жақсы белсенділік танытты. Ол бірнеше рет команданың шабуылдарына қосылып, Джурахон Бабахановтың қақпасына соққы бағыттады.

Есепті Конрад Вржещинский ашты. Поляк ойыншысына керемет гол соғу бұйырды: бұрыштама ойнатылғаннан кейін ол бірінші болып айып алаңының сыртынан допты қабылдап, дәл соққы бағыттады. Доп қонақтар қақпасының алыс бұрышына ұшып кіреді. ОЖЖ-да өзін керемет көрсеткен Вржещиньский жаңа чемпионаттағы «Қайраттың» бірінші голының авторы атанды. «Тараз» есепті тез теңестіре білді. Қонақтар жылдам шабуыл жасап, команданың жаңа ойыншысы Нилса Цатлды соққы жасайтын позицияға шығарды. Австриялық ойыншы еш қиындықсыз таблодағы екінші бірлікті жандырды. Тең есеппен командалар үзіліске кетті.

 Екінші таймда Алексей Шпилевский шабуылды жандандыру үшін Данияр Үсеновты Артур Шушеначевке ауыстырды. Айтарлықтай кондиция қосып келе жатқан Шушеначев, флангтерден жоғарлатып берілген пастарда пайдасын тигізді. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері үлкен күшпен шабуыл жасауды жалғастырды, ал қонақтар барлық командамен қорғаныста ойнады. Вржещиньскийде дубль жасайтын мүмкіндік болды. Сондай-ақ, Артур Шушеначев пен Нұралы Әліп қонақтардың қақпасына қауіп төндірді. Доп қырсық, қарсыластың қақпасына кіргісі келмеді.

Екінші таймның негізгі уақытының  аяқталуына он минут қалған кезде «Қайраттың» тәлімгері Гулжигит Алыкуловты алаңға шығарды. Моторлы жартылай қорғаушының шығуы командалық ойынға жағымды әсер етті. 2019 жылғы Қырғызстанның үздік футболшысының серпіндері «Тараздың» қорғаушыларын оған қарай ауысуға мәжбүр етті, соның арқасында қонақтардың қорғауында алматылықтардың форвардтары үшін ашық аймақтар пайда болды. 82-ші минуттағы Алықұловтың секіруі мен Яцек Гуральскийдің жақсы пасы, Бабахоновтың өз айып алаңында Шушеначевті қағып құлатып түсіруіне әкелді. Рефери бірден айып добын белгіледі. Он бір метрлікті орындау Абат Аймбетовке сеніп тапсырылды. «Қайраттың» жаңа ойыншысының соққысын тараздық голкипер қайтарды, бірақ форвард допты қайта торға бағыттап, чемпионаттағы өзінің бастапқы голын соқты. Соңғы ысқырық, «сары-қаралардың» еңбекпен келген 2:1 есебімен жеңген жеңісін тіркеді. «Қайрат» ел чемпионаты аясында, өз алаңында «Таразды» сегізінші рет жеңді.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»