«Қайрат» – «Атырау» 2:1
Голдар: Георгий Жуков (18'), Адеринсола Эсеола (70'), Раде Дугалич (76' АГ).
«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Дино Миканович, Раде Дугалич, Нұралы Алип, Сергей Кейлер - Айбол Абикен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Еркебұлан Сейдахмет - Мартон Эппель, Адеринсола Эсеола.
Қосалқы құрам: Данил Устименко (Қ) - Сергей Политевич - Адам Адахаджиев, Рамазан Оразов, Исламбек Қуат, Конрад Вржещиньский, Сұлтанбек Астанов, Хан Чжон Ук - Шушеначев Артур.
«Атырау»: Нұрболат Қалменов (Қ) - Эльдар Абдрахманов, Әділбек Жұмаханов, Андрей Шабаев, Ризван Аблитаров, Эдуард Сергиенко (К) - Рафаиль Оспанов, Ринат Жұматов - Қуаныш Қалмұратов, Петар Гжельчак, Исламнұр Абдулавов.
Қосалқы құрам: Михаил Голубничий (Қ) - Владимир Волкагонов, Виталий Устинов - Санжар Сатанов, Айболат Макуов, Сәбит Тастанбеков, Батырхан Орынбасаров - Алексей Родионов, Ерхан Таласбаев.
«Орталық» стадионда өткен матч күткендегідей қайраттықтардың жаппай шабуылынан басталды. «Сары-қаралар» маусымды жеңіспен аяқтағысы келіп, сондықтан да матчтың бірінші секундынан бастап шабуылдап, гол соғатын сәттер жасады. Бірінші болып гол соғатын сәтті Еркебұлан Сейдахмет жасады. Ол айып алаңының сыртынан соққы жасап, бірақ доп штанганың жанында өтті. Содан кейін шабуылға Нұралы Әліп қосылды, ол бұрыштық жалаушадан берілген допты қақпаға баспен соқты. Алғашқы он бес минуттың ішінде қонақтар шабуылдар туралы ойланбады және бастапқы құрамда шыққан Владимир Плотниковтың мүлдем жұмысы болмады.
Он сегізінші минутта алматылықтар шабуылды соңына дейін жеткізе алды: Мартон Эппель керемет паспен Георгий Жуковты Нұрболат Қалменовтың қақпасына жіберді, ал ол қарсыласын жеңіп, матчтың есебін ашты. Төрт минуттан кейін «екінші қабаттан» соққы жасаған Мартон Эппель гол соғуға жақын болды. Өкінішке орай, доп қақпаның маңдайшасынан жоғары өтті. Чемпионаттың үздік бомбардир атағына «алтын бутсы»-ға үміткер Адеринсола Эсеола гол соғуға тырысты. Алдымен Дерин алыстан соққы жасап қонақтар киперінің дайындығын тексеріп, одан кейінгі соққысы штангаға тиді. 34-ші минутта алматылықтар әдемі шабуыл жасап, «Атыраудың» айып алаңында өрт шықты, Дино Миканович соққыны аяқтап, бірақ доп қақпаға дәл кірмеді. 30 секунд өткен соң Бауыржан Исламхан допты алыс бұрышқа соғып, бірақ доп штангаға тиді. «Сары-қаралар» үзіліске дейін алаңда басымдыққа ие болды, алайда есеп өзгерген жоқ.
Екінші таймда алматылықтар қарсыластың қақпасынан бағын іздеуді жалғастырды. Барлық шабуылдар Эсеола арқылы жүргізілді, себебі серіктестері форвардтың осы матчта ерекшеленгенін қалады. 54-ші минутта Адеринсол Эсеол қақпаға баспен соққы жасады. Өкінішке орай, соққы дәл болмады. 70-ші минутта Дерин өзінің дегеніне қол жеткізді. Раде Дугалич керемет паспен жылдам форвардты тауып алды, ол жылдамдықты арттырып, Қалменовпен бірге-бір кездесіп, қарсылас қақпасының төменгі бұрышын бағындырды– 2:0!
Алексей Шпилевскийдің шәкірттері үлкен күшпен шабуыл жасауды жалғастырды, ал қонақтар стандарт табуға мүмкіндік іздеді. Көп ұзамай «Атыраудың» стандартты ойнатуы сәтті болды: бұрыштан берілген допты Әділбек Жұмаханов «екінші қабаттан» соқты. Доп Раде Дугаличке тиіп, торға ұшып түсті – 2:1. Финалдық ысқырыққа дейін қайраттықтар жақсы шабуыл жасады, бірақ үшінші допты соға алмады.
Матч аяқталған соң, клубтың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев командамен бірге жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. «Сары-қаралар» маусымды мажорлық нотада аяқтады.