Алексей Шпилевский мен Бауыржан Исламхан Қазақстанның кәсіби футбол лигасының марапаттарын алды.
«Сары-қаралар» тәлімгері КПЛ-дің шілде айындағы үздік бапкері атанды. Ал Бауыржан Исламхан болса екінші рет марапатталды. Алдымен ол маусымның үздік ойыншысы болды, содан кейін шілде айында да осындай атаққа ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беруге Премьер-Лига клубтарының барлық бас бапкерлері қатысты. Алматылық клубтың капитаны 17 ұпай жинады (4 бірінші орын, 2 екінші, 1 үшінші орын).
Үздік жаттықтырушыны анықтау үшін мамандар бір нұсқадан атады. Дауыс беру нәтижесінде Алексей Шпилевскийге төрт жаттықтырушы дауыс берді.