«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» «Астанаға» қарсы матчқа дайындықты аяқтады
Қайрат

«Сары-қаралар» «Астанаға» қарсы матчқа дайындықты аяқтады

19 октября 2019
/ 11:00

Алматылықтар Қазақстан чемпионатының үшінші айналымындағы маңызды матчтардың біріне дайындық жұмыстарын аяқтады.

«Қайраттың» ойыншылары ҚПЛ-дың отызыншы турының орталық матчы өтетін Нұр-Сұлтанға келді. «Сары-қаралар» теориялық сабақ өткізіп, ойын алдындағы жаттығуды өткізу үшін «Астана Аренаға» аттанды.

Футболшылар жаттығып, техникаға арналған бірнеше жаттығуларды орындады, шабуылдардың жылдам дамуының түрлі нұсқаларын жаттықты. Әр түрлі ойын компоненттерінен  жарысты. Осыдан кейін команда екі топқа бөлініп, шағын екі жақты кездесу өткізді.

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:

Команданың ойынға деген дайындығы сезіледі. Осы матчты барлығы асыға күтіп жатқанын түсінеміз. Біз үшін де, «Астана» үшін де бұл өте маңызды ойын. Бүгін жарыс жаттығулары көп болды, онда жеңіске жету, бірінші болу мақсат болды. Мен матчқа дайындық кезеңіне ризамын. Құрама ойыншыларына  тез арада қалыпқа келуге көмектескен медициналық департаментке рахмет. Барлығының  шайқасқа дайын болғанына өте қуаныштымын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»