«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қара» тимбилдинг
Қайрат

«Сары-қара» тимбилдинг

18 сентября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» футболшылары, бапкерлер штабы мен әкімшілігі Көк Төбеде тимбилдинг өткізді.

 Бапкерлер штабы демалыс күнін жасауға шешім қабылдап, барлық команданы Көк төбеге шақырды. Команда Көк Төбеге арқан жолмен көтеріліп, саябақта серуендеп, хайуанаттар бағына барды. Осыдан кейін Көк Төбе мейрамханаларының бірінде шағын отырыс өткізді. Онда «Қайраттың» кейбір шетелдік ойыншылары алғаш рет бауырсақ пен қымыздан дәм татты.

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский: біз бапкерлік штабпен бірге футболшылардың құрамадағы ойыннан кейін және одан кейінгі «Жетісу» командасына қарсы матчтан кейін дұрыс қалыпқа келмегенін байқадық. Сондықтан да біз бір жаттығуды шағын тимбилдингпен алмастыруға шешім қабылдадық. Біз жігіттерді Көк Төбеге көтерілуге, онда серуендеуге, бейресми жағдайда сөйлесуге шақырдық. Келесі матчтарда бізге жаңа күш-қуат қажет. Ойымызбен де дайын болуымыз керек. Сондықтан да жаттығу процесінен көңіл бөлу маңызды болды. Мен бәріне ризамын: ауа райы тамаша болғандықтан бәрі күн сәулесінен ләззат алды, сөйлесті, күлді. Енді жаңа ойлармен, эмоциялармен жаттығып, чемпионаттың қалған матчтарына дайындықты жалғастыратын боламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»