«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қара» сенбілік
Клуб жаңалықтары

«Сары-қара» сенбілік

14 марта 2020
/ 11:00

«Қайрат» ФК-ның қызметкерлері клубтың барлық инфрақұрылымдық нысандарында арнайы санитарлы-гигиеналық сенбілік ұйымдастырды.

Арнайы сенбілік алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Үй-жайларды дезинфекциялау-коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаудың ғана емес, сонымен қатар ауа-тамшы жолымен берілетін басқа да аурулардан қорғаудың пәрменді тәсілі.

Біздің клуб қызметкерлері «Янтарь» мамандандырылған компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, клуб базасында, сондай-ақ «Қайрат»ФК-ның барлық Академияларында жиһаз бен тұрмыстық заттарды дезинфекциялау құралдарымен өңдеді. Естеріңізге сала кетейік, оқу мекемелерінің карантиніне сәйкес «сары-қаралардың» балалар мен жасөспірімдер Академиясы да өз жұмысын тоқтатты.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Т. С. Сегізбаев атындағы Академияның бас дәрігері Ермұрат Базилов COVID-19 вирусы, оның шығу тегі, таралуы, одан қорғану құралдары турал дәріс оқыды.

«Сары-қаралар» отбасы барлық жанкүйерлерді COVID-19 вирусының таралу проблемасына жауапкершілікпен қарауға, барлық гигиена ережелерін сақтауға, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуға шақырады.

Аман-сау болыңыздар!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»