«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Самат Сәрсенов «Валмиерада» мансабын жалғастырады
Клуб жаңалықтары

Самат Сәрсенов «Валмиерада» мансабын жалғастырады

06 февраля 2020
/ 12:00

Шабуылшы Самат Сәрсенов латвиялық қаланың атымен аттас «Валмиера» клубымен келісімге қол қойды.

Самат Сәрсенов 2017 жылдан бастап «Қайраттың» түстерін қорғады. 2018 жылғы маусымда ол InStat аналитикалық компаниясының талдауы бойынша «Қайрат А» командасының үздік ойыншысы атанды. Осының арқасында ол бірінші командаға ауыстырылды.

Өткен маусымда Самат «Қайрат» үшін жеті матч өткізіп, бір доп соқты. Сондай-ақ, ол «Қайрат-Жастар» үшін ойнап, оның құрамында екі матч өткізіп, бір доп соқты.

«Қайраттың» үлкен отбасы Саматқа жемісті жұмыс пен нәтижелі ойын тілейді!

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»